Бейбіт Исабаев Жетісу облысының әкімі болып тағайындалды

11 Маусым 2022, 14:42
1977
Бөлісу:
Бейбіт Исабаев Жетісу облысының әкімі болып тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев Жетісу облысының әкімі лауазымына тағайындалды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев Жетісу облысының әкімі лауазымына тағайындалсын, оның Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттық өкілеттігі тоқтатылсын, - делінген хабарламада.

Бейбіт Исабаев 1962 жылы 4 желтоқсанда дүниеге келген.

1985 ж. – С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін журналист мамандығы бойынша бітірген.

1999 ж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық академиясын халықаралық маман деген мамандық бойынша тәмамдаған.

1985-1987 жж. – Қазақ ССР-ның теле-радио көрсетілім жөніндегі мемлекеттік комитетінің редакторы.

1987-1991 жж. – «Лениншіл Жас» республикалық газетінің тілшісі, бөлім меңгерушісі.

1991-1994 жж. – «Өркен», «Горизонт» газеттері редакторының орынбасары, редакторы.

1994-1995 жж. – Қазақ мемлекеттік телевидениясының бас директоры, Алматы қаласы әкімшілігі басшысының орынбасары, басшысы, Алматы қаласы әкімдігі ішкі саясат комитетінің төрағасы.

1995-1997 жж. – Алматы қаласы әкімінің орынбасары.

1997-1999 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі дипломатиялық академиясының тыңдаушысы.

1999-2000 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі әкімшілігі департаментінің директоры.

2000-2002 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-министрі кеңсесінің үкіметтік ақпарат бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.

2002-2003 жж. – «Орта Азиялық ынтымақтастық» ұйымдастыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық үйлестіруші.

2003-2006 жж. – Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі.

2006-2008 жж. – Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі және Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметін қоса атқарған.

2008-2009 жж. – Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы.

2009-2015 жж. – Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі.

Өзгелердің жаңалығы