Бейбіт Исабаев: Басты міндетіміз - Жетісу экономикасын дамыту, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту

31 Желтоқсан 2024, 14:25
295
Бөлісу:
Бейбіт Исабаев: Басты міндетіміз - Жетісу экономикасын дамыту, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту
Фото: Жетісу облысының әкімдігі

Жетісу облысы үшін 2024 жыл табысты жыл болды деуге толық негіз бар. Мәселен өткен 11 айдың қорытындысында биыл республика көлемінде қысқа мерзімдік экономикалық индикатор бойынша өңір алдыңғы үштікті түйіндеді. Осы орайда Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев BAQ.KZ порталына сұхбат берді. 

Құрметті Бейбіт Өксікбайұлы, міне, жылды аяқтап отырмыз. Бұл – өткен жылды қорытындылап, алдағы уақытқа жоспар жасайтын кезең. Жалпы Жетісу облысы осы жылды қалай қорытындылады?

Жетісу облысы үшін биылғы жыл табысты жыл болды деуге толық негіз бар. Осы жылда барлық жоспарларымызды лайықты деңгейде орындай алдық. Әзірге жылдың қорытындысы шыққан жоқ, дегенмен өткен 11 айдың қорытындысында биыл республика көлемінде қысқа мерзімдік экономикалық индикатор бойынша біздің өңір алдыңғы үштікті түйіндеп, бұл көрсеткіш 112,3% құрады. 

Бейбіт Исабаев: Басты міндетіміз - Жетісу экономикасын дамыту, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту

Салалардың ішінде, ауыл шаруашылығындағы өсім – 3,7% , өнеркәсіпте 3,6% болды. Тұрғын үйді пайдалануға беру 4,4% өсті, мәселен 2022 жылдан бері 5343 пәтер салынса, соның 2708 пәтері биылғы жылдың үлесінде. Ал жалпы құрылыс жұмыстары 1,4 есеге, сауда көлемі 1,3 есеге ұлғайды.

Жыл басынан бері облыс экономикасына 38% өсіммен 396 млрд. теңге инвестиция тартылды, оның ішінде жеке инвестициялар – 291 млрд. теңге. Ал мемлекеттік бюджет түсімі 286 млрд. теңгені құрады, соның ішінде жергілікті бюджет 1,6 есе өсіп, 106 млрд. теңгеге жетті.

Бейбіт Исабаев: Басты міндетіміз - Жетісу экономикасын дамыту, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту

Президенттің тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету туралы тапсырмасына сәйкес жылды жақсы көрсеткіштермен қорытындылап, келесі жылы да осындай даму қарқынын сақтаймыз деп ойлаймын. Оған барлық мүмкіндігіміз бар.

Бейбіт Исабаев: Басты міндетіміз - Жетісу экономикасын дамыту, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту

Жуырда облысқа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен барып қайтты. Осы сапар барысында қандай мәселелерге назар аударылды?

Президент Жетісуға келген сапарында облыстың әлеуметтік-экономикалық даму жағдайымен танысты. Соның ішінде өнеркәсіпті дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, газдандыру, әлеуметтік саланы қолдау мәселелеріне назар аударып, бірқатар тапсырмалар берді.

Жалпы, облыс құрылғаннан бері өңірде 43 жаңа өндіріс ашылып, жұмыс істеп тұрған 9 кәсіпорын кеңейтілді. Өткен 11 айда өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі 310,5 млрд. теңгеге жетті. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес біз өңірде өндіріс саласына инвестиция тарту жұмысын белсенді түрде жалғастырамыз.

Бейбіт Исабаев: Басты міндетіміз - Жетісу экономикасын дамыту, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту

Сол сияқты ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласына басымдық береміз. Өңдеу саласы экономикалық өсімге, халықтың әл-ауқатын жақсартуға ықпал ететін сектордың бірі. Қазір біз аграрлық салада өзіміз өсірген өнімнің 66% өңдеп отырмыз. Соның ішінде, балық, сүт, қант қызылшасы, майлы дақылдар, арпа, жүгері, т.б. өнімдер бар. Осы бағытта өңдеу көлемін арттыру мен өңдеу технологиясын жетілдіруге баса назар аударамыз.

Сондай-ақ газдандыру ісін ары қарай да қарқынды жүргіземіз. Мәселен, 2022 жылдың басында облыста газдандыруға жататын 192 елді мекеннің тек 5-еуі ғана газдандырылса, қазіргі уақытта 63 елді мекен газға қол жеткізіп, газдандыру деңгейі 56,5%-ға жетті. Келесі жылы жалпы 63 елді мекенге газ тартылып, соның нәтижесінде Панфилов – Кербұлақ – Талдықорған аралығындағы 126 елді мекен көгілдір отынға қол жеткізеді. 

Бейбіт Исабаев: Басты міндетіміз - Жетісу экономикасын дамыту, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту

Қасым-Жомарт Кемелұлы сапар барысында газдандыруға ерекше көңіл бөліп, құрылысы биыл басталған «Талдықорған – Үшарал» магистралды газ құбыры жобасын одан әрі жалғастыруды тапсырды. 

Осы жобаның негізінде 2028 жылға дейін Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарында газдандыруға жататын 66 елді мекен көгілдір отынмен қамтылатын болады. Сөйтіп, 2029 жылға қарай барлық 192 елді мекенді газдандыру және 642 мыңнан астам тұрғынның немесе халықтың жалпы санының 91,9%-ының газға қол жеткізуін қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Президенттің пәрменімен «Алматы - Талдықорған» магистралды газ құбырының «екінші желісінің» құрылысы жүргізілетін болды.

Бейбіт Исабаев: Басты міндетіміз - Жетісу экономикасын дамыту, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту

Әлеуметтік салада, соның ішінде мектептер құрылысын салуды жалғастырамыз. Бізде үш ауысымды, апатты мектептер жоқ, тек бейімделген мектептердің мәселесін кезең-кезеңімен шешілуде. Биыл осы мақсатта 2 жаңа мектепті пайдалануға бердік, келесі жылы тағы 2 мектеп салынады. Оған қоса Президенттің қолдауымен Қаратал, Көксу аудандарында 600 орынды, Талдықорғанда 1200 орынды жалпы саны 3 мектеп салынады.

Бейбіт Исабаев: Басты міндетіміз - Жетісу экономикасын дамыту, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту

Жетісу – ауыл шаруашылығына, соның ішінде қант қызылшасына басымдық беретін аймақ. Оның дәлелі, биыл алынған өнімнің көлемі артып отыр, ал болашаққа қандай жоспарларыңыз бар?

Мемлекет басшысының Жетісу облысын еліміздегі қант өндіретін орталықтың біріне айналдыру туралы тапсырмасына сәйкес оның егіс алқабын ұлғайттық. Қант қызылшасының алқабы 2022 жылы 4,3 мың гектар болса, биыл 9,5 мың гектарға артып, 13,7 мың га жеткізілді. 

Сонымен қатар агротехнологияны сақтап, тыңайтқыштарды енгізудің арқасында өнімнің көлемі 188 мың тоннадан 447 мың тоннаға артып, 635 мың тонна қант қызылышасын жинадық. Ақсу, Көксу қант зауыттары қазір өнімді толық көлемде қабылдап болды. Ал алынған ақ қанттың көлемін 21 мыңнан 94 мың тоннаға жеткізуді жоспарлап отырмыз. 

Бейбіт Исабаев: Басты міндетіміз - Жетісу экономикасын дамыту, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту

Болашақта стратегиялық маңызы бар дақылдың көлемін осы деңгейде ұстап тұруға жұмыс атқарылатын болады. Ол үшін биыл Ақсу қант зауытының қазандықтарына реконструкция жүргізіліп, жөндеуден өткізілді. Көксу қант зауытының қуаттылығын екі есе артыру, яғни 250 мыңнан 500 мың тоннаға жеткізу мақсатында 2025-2026 жылдары зауыт өз қаржысына модернизация жүргізеді, оған болжаммен 35 млрд.теңге қаржы жұмсалады.

Тәтті түбірді сатып алу бағасы былтырдан бастап 40 мың теңгеге жеткізілді, оның ішінде мемлекет тарапынан 25 мың теңге субсидия ретінде төленсе, зауыттың сатып алу бағасы 15 мың теңге. Осылайша қазір өңірде қызылша өсіру ең табысты дақыл болып отыр.

Сонымен қатар шаруашылықтарға тұқымнан бастап дайын өнім алғанға дейінгі процестің бәріне мемлекет тарапынан жан-жақты көмек көрсетіледі, арзандатылған жанар-жағармай, тұқым, минералды тыңайтқыштар мен пестицид шығындарын субсидиялау қарастырылған. Биыл қызылша себетін аудандарда жалпы саны 8 сервистік даярлау орталығы құрылып, 2,5 млрд. теңгеге 62 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы шаруашылықтарға лизингіге берілді.

Бейбіт Исабаев: Басты міндетіміз - Жетісу экономикасын дамыту, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту

Жалпы ауыл шаруашылығы саласын қолдауға биыл 39 млрд.теңге бөлінді, оның 28,3 млрд. теңгесі – субсидиялар.

Алқаптарды сумен қамтамасыз ету мақсатында бюджеттен ирригациялық желілерге жөндеу жасалды. Биылғы жылы жалпы құны 35,6 млрд. теңгеге 11 су шаруашылығы нысанында құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп, оның 4-еуінде құрылыс жұмыстары аяқталды. Нәтижесінде алдағы бес жылда облыста 45 мың гектар жерді сумен қамту жақсартылып, 24 мың гектарды айналымға қайта енгізу және 5,3 мың гектар жаңа жерлерді қосу жоспарланған.

Су үнемдеу технологиясын қолдануға да басты назар аударылады. 2024 жылға дейін осындай технология 9,4 мың га енгізілсе, осы жылы 26,4 мың гектарға жеткізілді.

Бейбіт Исабаев: Басты міндетіміз - Жетісу экономикасын дамыту, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту

Жалпы ауыл шаруашылығын дамытуда еңбек өнімділігін арттыруға тікелей әсер ететін маңызды факторлардың бірі - жерді тиімді пайдалану. Осы мәселені шешу үшін 2022-2024 жылдары 1,2 млн. га пайдаланылмай жатқан жер анықталып, қабылданған шаралардың нәтижесінде 712 мың гектар жердің иелері малдарын ауыл шаруашылық жануарларының базасына тіркеп, қайта пайдалана бастады. Ал, 502 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылып, оның 148,6 мың га шаруаларға конкурс арқылы табысталып және қоғамдық жайылымға берілді.

Келесі жылы жерді конкурс арқылы табыстауда адами факторды болдырмау мақсатында республикада бірінші болып пилоттық режимде цифрландырылған «Заң бойынша жер» пилоттық жобасы іске асырыла бастайды.

Бейбіт Исабаев: Басты міндетіміз - Жетісу экономикасын дамыту, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту

Президент биылғы қыркүйектегі Жолдауында «Экономикада жаңа инвестициялық кезеңді бастауымыз керек» деді. Қай салаларға инвестиция тарттыңыздар?

Табиғи климатының қолайлылығы, шекаралық аймақта орналасуы Жетісу облысының инвестициялық мүмкіндіктерін таныта алады. Осы факторларды негізге ала отырып, өңірге инвестиция тартуда біз негізгі бес бағытқа басымдық береміз. Олар – агроөнеркәсіп кешені, өнеркәсіп, соның ішінде тау-кен өндірісі, транзиттік логистика, жаңартылған энергия көздері және туризм.

Өткен 11 айда облыс экономикасына 38% өсіммен 396 млрд. теңге инвестиция тартылды, оның ішінде жеке инвестициялар – 291 млрд. теңге.

Бейбіт Исабаев: Басты міндетіміз - Жетісу экономикасын дамыту, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту

Жаңартылған энергия көздері саласы бағытына Сарқан ауданында қуаты 13 МВт болатын Жоғарғы Басқанның 2-ші және 3-ші ГЭС-тері пайдалануға берілді.

Облыста бірқатар ірі перспективалы жобаларды іске асыру жұмыстарын жалғастырып келеміз. Кербұлақ ауданында қуаты жылына 860 мың тонна мыс концентратын өндіруге жететін, жалпы құны 1,3 трлн. теңге болатын, «Шоғырландырылған тау-кен құрылыс компаниясы» ЖШС металлургиялық комбинатының құрылысы басталды. Мұнда 2 мыңнан астам жұмыс орны ашылады. Бұл жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға үлкен мүмкіндік беретін іргелі жоба болмақ.

Бейбіт Исабаев: Басты міндетіміз - Жетісу экономикасын дамыту, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту

Сол сияқты облыстың экономикалық өсу нүктелерінің бірі «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағында жүк-жолаушылар әуежайының құрылысын жүргізу, «Қазақстан-Қытай халықаралық өнеркәсіптік қаласы» индустриялық паркін салу көзделіп отыр. Әуежайда 700 жұмыс орны құрылып, жоба үш кезеңде жүзеге асырылады. Ал индустриялық парк іске қосылғанда 2 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады.

Жалпы арнайы экономикалық аймақ аумағында бүгінге дейін екі мыңға жуық жұмыс орнын ашқан 21 жоба іске қосылды.

Бейбіт Исабаев: Басты міндетіміз - Жетісу экономикасын дамыту, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту

Біз шекаралық екінші аймақ «Достық» бағытының көліктік-логистикалық әлеуетін дамытуды қатар жүргізіп келеміз. Мәселен, өткен жылы қуаты жылына 150 мың контейнер болатын мультимодальды көлік-логистикалық орталық салынды. 

Тағы бір көпфункционалды жүк тасымалдау терминалы, ашық және жабық уақытша сақтау қоймасы, жаңа автомобиль өткізу пункті т.б. нысандардың құрылысы жүргізіледі. Бұл жобалар «Алакөл» кеден бекетінің өткізу қабілетін, тәуліктік жүк айналымының көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Бейбіт Исабаев: Басты міндетіміз - Жетісу экономикасын дамыту, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту

«Жол азабын жүрген білер» дейді. Аймақта жол сапасын жақсартуда қандай ілгерілеушіліктер бар?

Жалпы атқарылған жұмыстар қағаз жүзінде емес, іс жүзінде тұрғындардың тұрмыс деңгейінен көрініс табуы керек. Осы орайда халықтың өмір сүру сапасын жақсартуда жол инфрақұрылымының маңызы зор.

Ауыл халқы кентаралық, ауылішілік жолдарды күнделікті пайдаланады. Сондықтан жергілікті маңызы бар жолдарға ерекше назар аударып, биыл облыстық деңгейдегі 193 шақырымды және 54 елді мекеннің ішкі жолдарын жөндедік. Сөйтіп жыл соңында облыстағы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 94%-ға жетті.

Бейбіт Исабаев: Басты міндетіміз - Жетісу экономикасын дамыту, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту

Балқаш көліне дейінгі 132 км жолдың 10 шақырымының құрылысы ғана қалды, оны келесі жылғы туристік маусымға дейін толық пайдалануға береміз. Оған қоса Лепсіден Балқаш көлі жағалауына дейін жарық, су және кәріз құбырларын тарту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бұдан бөлек, «Талдықорған – Үшарал – Достық» және «Жаркент – Қорғас» автомобиль жолдарына асфальт төселіп, көлік қозғалысы ашылды. Панфилов ауданы Көктал ауылынан Сарыөзекке дейінгі жол келесі жылы жасалып бітеді.

Осының барлығы – Президентіміздің тапсырмаларына сәйкес экономиканың жүйелі дамуына және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған шаралар.

Бейбіт Исабаев: Басты міндетіміз - Жетісу экономикасын дамыту, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту

Жетісу - туризмді дамытуға қолайлы өңір. Туристерді тарту бағытында қандай жұмыстар атқарылып жатыр?

Жалпы өңірде туризм саласын дамытуда Алакөл және Балқаш көлдері, «Алтынемел» және «Жоңғар Алатауы» ұлттық парктері, сондай-ақ Жоңғар Алатауының таулы алқабы негізгі басымдыққа ие.

Біз соңғы үш жылда Алакөлде сервисті жақсартып, инфрақұрылымды өте жақсы деңгейге көтердік. Үшарал әуежайының ұшу-қону жолағы жаңарды, «Талдықорған-Үшарал» автомобиль жолдары жаңғыртылды, «Тальго» пойызы іске қосылды. 

Бейбіт Исабаев: Басты міндетіміз - Жетісу экономикасын дамыту, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту

Сонымен қатар Ақши ауылында 67,4 км электрмен жабдықтау желілерін реконструкциялау мен салу жұмыстары аяқталды. Оған қоса Алакөл ауданын электрмен тұрақты жабдықтау үшін кернеуі 110 және 220 кВ әуе желілері мен қосалқы станциялар салу жоспарланып отыр.

Бейбіт Исабаев: Басты міндетіміз - Жетісу экономикасын дамыту, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту

Балқаш көлінің де жағасын тартымды етуге бағытталған жұмыстарға кірістік. Биыл туристік-рекреациялық аймақтың инженерлік-коммуникациялық желілерінің құрылысына республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, жұмыстар басталды. Жобаның нәтижесінде аталған аймақта 7,4 км жол, 97,4 км су құбыры, кәріз және электр желілері салынады.

Бейбіт Исабаев: Басты міндетіміз - Жетісу экономикасын дамыту, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту

Сондай-ақ «Жоңғар Алатауы» ұлттық паркі маңындағы «Тополевка - Жалаңаш кордоны» жолына орташа жөндеу жасалды, енді Жалаңаш кордоны мен Жасылкөл көлі арасындағы жолға орташа жөндеу жүргізіледі. 

Тополевка ауылында жергілікті бюджет есебінен визит-орталық ашылады. Қора шатқалында Бұрханбұлақ сарқырамасына дейінгі ұзындығы 31 шақырымдық жолды жөндеу жоспарда бар. Сонымен бірге Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Текеліде шаңғы-биатлон кешенін салу жоспарланып отыр.

Бейбіт Исабаев: Басты міндетіміз - Жетісу экономикасын дамыту, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту

Жалпы ел Президентінің ұсынған Адал азамат қағидасы әрқайсымыздың негізгі ұстанымымызға айналуы тиіс. Қоғамдық сана-сезім өзгеріп, жаңа құндылықтар қалыптасуы керек. Оны табанды приниципіміздің, тыңғылықты еңбегіміздің арқасында қалыптастырамыз. 

Әркім өз ісін сапалы, ашық жүргізсе, ортақ нәтижеге жету, тұрмысты жақсарту, дамудың жаңа сатысына көтерілу қиын емес. Елдегі жүргізіліп жатқан түбегейлі реформалардың да басты ұстанымы осы.

- Сұхбатыңызға рахмет!

Өзгелердің жаңалығы