Бейбіт Атамқұлов Bloomberg болжамдарына сүйенеді

16 Наурыз 2021, 10:01
1673
Бөлісу:
Бейбіт Атамқұлов Bloomberg болжамдарына сүйенеді

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Bloomberg болжамдары бойынша жақын арада түсті металдардың барлық түрі бойынша баға көтерілуі тиіс. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты.

Bloomberg болжамына сүйенсек, қысқа мерзімді уақыт ішінде түсті металдардың барлық түрі бойынша баға көтерілуі тиіс. Осыған байланысты номиналды мәнде түсті металлургия өндірісінің өсімі 13 пайыз деңгейінде болжанып отыр. Бұл өндірістің жоспарланған көлемін қамтамасыз етеді. Жалпы түсті металлургияда 2021 жылға жоспарлы көрсеткіш - 104,5 пайызды құрап отыр. Мырыш өндіру көлемі 18,6, қорғасын 18,8, мыс концентраты 9, алюминий 6 пайыз ұлғайтылады, - деді Атамқұлов. 

Оның айтуынша, ірі тау-кен металлургия кәсіпорындарының сұранысына байланысты кластерлік тәсілмен индустриялық орталықтар айналасында шағын және орта кәсіпорындар белдеуін құру жұмысы жүргізіледі. 

Жәйрем кен байыту кәсіпорны, Kazminerals, Ақтоғай 2 және Сәтбаев тау-кен байыту кәсіпорны, сондай-ақ алтын шығару фабрикалары өндірістің қосымша көлемін беретін болады. 2025 жылға дейінгі мерзімде Алматы облысында Көксай мыс кен орнын игеру жобасы іске асырылады және қуаты 250 мың тонна бастапқы алюминий болатын Павлодар қаласындағы «Қазақстандық электролиз зауытының» екінші кезеңі салынады, - деді министр. 


 

Өзгелердің жаңалығы