Беташар жасаған Тараз тұрғыны ұсталып қалды

13 Қараша 2020, 06:36
1270
Бөлісу:
Беташар жасаған Тараз тұрғыны ұсталып қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таразда карантинге қарамай беташар жасаған тұрғын анықталды.

Жамбыл облысында Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы Қаулысының талаптарын орындау бойынша жұмыстар жалғасуда. 

Карантин талаптарын елемей, маскалық режимді және әлеуметтік ара қашықты сақтамай, мерекелік шаралар ұйымдастырушылардың қарасы әлі сирейтін емес. 

Мәселен, Тараз қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері мобильді топпен бірлесе отырып, 40-тан астам қонақ шақырылған, беташар тойын өткізу дерегін анықтады. Полиция карантинді бұзушыларға түсіндіру шараларын жүргізіп, вирус жұқтыру қаупі, жақындарының денсаулығын қорғау мақсатында мұндай шараларға жол бермеу туралы ескертті. 

Іс-шараны ұйымдастырушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнаманың талаптарын, сондай-ақ, гигиеналық нормативтерді бұзу» бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Жиналған материалдар заңды шешім қабылдау үшін тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды,-делінген облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Өзгелердің жаңалығы