Бет терісін суықтан қалай қорғауға болады?

2 Қараша 2023, 17:27
843
Бөлісу:
Бет терісін суықтан қалай қорғауға болады?

Суық ауа бет терісіне кері әсер етеді, әсіресе бұл құрғақ әрі жұқа теріге қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Дерматолог Юлия Галлямованың сөзінше, оның саулығын сақтау үшін косметикалық құралдарды қолдану қажет. 

Маман терісі құрғақ адамдарға майлы жақпамайларды алуға кеңес берді. Ол суық күндері бетті жумай, опа-далапты кетіру үшін мицеллярлық суды қолданған дұрыс дейді. Себебі құрғақ бетті құр сумен жуу арқылы ол одан сайын құрғап кетеді екен.

Сондай-ақ дәрігер бет терісі саулығын сақтауда D дәруменінің маңыздылығы туралы айтты. Тіпті ағзадағы дәрумен деңгейі қалыпты деңгейде болса да, үзбей 20 мкг түріндегі сүйемелдеуші дозаны қабылдап тұру қажет.

Бұдан бөлек  Галлямова омега-3 майлы қышқылдарының пайдасы туралы айтты. Оны да күнделікті тұтынуға кеңес берді, деп жазады NEWS.ru. 

Өзгелердің жаңалығы