Бес мыңға жуық ковидтік төсек-орын дайын тұр – ДСМ

2 Тамыз 2022, 11:13
1372
Бөлісу:
Бес мыңға жуық ковидтік төсек-орын дайын тұр – ДСМ

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният бүгін өткен Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Денсаулық сақтау саласына түскен жүктемеге келетін болсақ, бүгінгі күні инфекциялық төсек-орынмен қамту 30%-ды (1500 науқас) реанимациялық төсек-орынмен қамту 7%-ды (45 науқас) құрайды. Төсек-орын қорының қозғалысын бақылау онлайн режимде жүргізіледі, орынмен қамтылуды қадағалау үшін интерактивті карта онлайн режимде өңірлер бойынша медициналық ұйымдар деңгейіне дейін ахуалды бағалауға және жедел ден қою шараларын қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл әкімшіліктерге, денсаулық сақтау басқармаларына қолжетімді және күнделікті шешім қабылдауға ыңғайлы, - деп атап өтті еліміздің бас дәрігері. 

Айтуынша, министрлік коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу және тұрақты негізде уақтылы эпидемияға қарсы шаралар қабылдау мақсатында өңірлермен ахуалды бағалау бойынша штабтарты іске қосты. 

Сондай-ақ жағдайды тұрақтандыруға бағытталған шаралар қабылдануда. Халықты ақпараттандыру мақсатында брифингтер, бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде медицина саласындағы жетекші сарапшылардың қатысуымен кездесулер де барлық өңірлерде өткізіліп жатыр. КВИ-ға медициналық ұйымдардың дайындығы тұрақты негізде қамтамасыз етілді. Бүгінгі күні 189 медициналық ұйымда 4900-ден астам ковидтік төсек-орын, 620 реанимациялық төсек-орын, резервте 20 мыңнан астам төсек-орны бар. Емханалар деңгейінде 5 700 ұйым және 2 400-ге жуық көшпелі мобильді бригада, оның 1000-нан астам ауылда медициналық көмек көрсетуде. Резервте 1 610 мобильді бригадалар тұр, - деді ведомство басшысы. 

Өзгелердің жаңалығы