Бес күн бойы іздеуде болған 8 жасар қыздың денесі табылды

13 Маусым 2021, 14:54
3591
Бөлісу:
Бес күн бойы іздеуде болған 8 жасар қыздың денесі табылды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында өзенге ағып кеткен 8 жасар қыздың денесі табылды.

Бұл туралы Солтүстік Қазақстан бойынша төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін Покровка ауылына жеті шақырым жерде орналасқан Есіл өзенінде СҚО ТЖД жедел-құтқару отрядының қызметкерлері 2012 жылы туған қыздың денесін тапты. Ол ағасының көзінше өзенге ағып кеткен екен, - делінген хабарламада.

Еске салсақ, оқыс оқиға 8 маусым күні болған. 8 жасар қыз әжесінің үйіне демалуға келген. Ол өзімен жасты ағасымен бірге ойнауға кеткен. Кешке қарай ұл бала үйге жалғыз келіп, қарындасының қайда кетіп қалғанын айтып түсіндіре алмаған. Кейіннен белгілі болғандай, олар суға түсуге барған кезде, қыз өзенге ағып кеткен екен. 

Бес күн бойы іздеуде болған 8 жасар қыздың денесі табылды

Аймақтық ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша қыздың денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Жоғалған қызды іздеуге азаматтық қорғаныс және полиция қызметкерлері, жедел-құтқару отрядының сүңгуірлері, жергілікті атқарушы органдар және волонтерлер жұмылдырылды.


Өкінішке қарай, жыл басынан бері СҚО су айдындарында 7 адам суға батып, қаза болды. Оның үшеуі бала.

Құтқарушылар суға түсу кезіндегі ережелерді сақтау қажеттігін айтып, ескертеді. Суға тек арнайы рұқсат етілген жерлерге түсу қажет.

Өзгелердің жаңалығы