АҚШ-та бес адам атыстан қаза тапты

17 Ақпан 2019, 12:26
2288
Бөлісу:
АҚШ-та бес адам атыстан қаза тапты

Астана, BAQ.KZ.  АҚШ-тың Иллинойс штатындағы Аврора қаласында атыс салдарынан бес адам қаза болды. Бұл туралы Associated Press хабарлайды. 


Ер адам құбыр желісінің жабдықтарын шығаратын Henry Pratt компаниясының ғимаратында оқ жаудырған. Суық қару ұстаған адам 45 жастағы Гари Мартин екен. Ол осы компанияда жұмыс істейтін болып шықты, ал мұндай әрекетке не үшін барғаны белгісіз.  

Аврорадағы полиция бастығы Кристен Зиманның айтуынша, атыс туралы хабар келіп түскен соң 4 минут өткеннен кейін оқиға орнына келіп жеткен. Ер адам полицейлерге де оқ жаудырған. Куәгерлердің айтуынша, Мартин лазерлі пистолетті қолданған. 

Оқиға салдарынан бес адам қаза тауып, полицияның бес қызметкері жарақат алған. Олардың екеуі тікұшақ арқылы травматология орталығына жеткізілді. Атыс қазіргі уақытта жойылды.  

2018 жылы желтоқсанда атыс қаруынан қаза тапқан америкалықтардың саны соңғы жарты ғасырда 2017 жылы ең жоғары көрсеткішке жеткені белгілі болды. Бір жылда атыс қаруынан 39 773 өлім жағдайы тіркелген. Олардың үштен екісі өзін-өзі өлтіргендер.
Өзгелердің жаңалығы