Берлинде ірі оқ-дәрі және пиротехника қоймасы өртенді

6 Тамыз 2022, 12:07
1225
Бөлісу:
Берлинде ірі оқ-дәрі және пиротехника қоймасы өртенді

Германияның Берлин қаласында орналасқан Груневальд ауданындағы оқ-дәрі мен пиротехникасы қоймасы өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Deutsche Welle агенттігі таратқан мәліметке сәйкес, өрттің көп бөлігі өшірілгенімен, тағы да жарылыс орын алу қаупі бар. Өрт сөндірушілер күн-түн демей жұмыс істеп жатқанымен, әлі де жалын тұтануы мүмкін қауіптілік сақталып отыр. Өрттің жалпы аумағы 42 гектарды құраған. 

Өрт шыққан аймаққа Германияның бүкіл техникасы жұмылдырылды, 150-дей өрт сөндіруші тілсіз жаумен алысуда. Алайда жел көтеріліп, өрттің қайта тұтану қаупі орын алған. Құтқару қызметі радиусы 1000 м аймақты қоршауға алды.

Жергілікті тұрғындардың үйлері оқиға орнынан кем дегенде 2 шақырым жерде орналасқан. Ел билігі Груневальд орманына бармауға кеңес беріп отыр.  

Өзгелердің жаңалығы