Берік Уәли Тоқаевтың КВИ-ге қарсы вакцина салдыруына қатысты пікір білдірді

6 Сәуір 2021, 15:37
2081
Бөлісу:
Берік Уәли Тоқаевтың КВИ-ге қарсы вакцина салдыруына қатысты пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың COVID-19-ға қарсы вакцина салдыруына қатысты пікір білдірді.

Бұл туралы ол «Хабар 24» телеарнасының «Сұхбат» бағдарламасы кезінде айтты.
Мемлекет басшысы қыста өткен эфир барысында міндетті түрде КВИ-ге қарсы вакцина салдыратынын хабарлап, барша халықты екпе салдыруға шақырған болатын. Тоқаев коронавирусқа қарсы отандық вакцинаны салатынын айтты. Жалпы ол алдағы уақытта вакцина салуды жоспарлап отыр. Бұл жайт болғанда, біз көпшілікке міндетті түрде хабарлайтын боламыз, - деді Берік Уәли.

Өзгелердің жаңалығы