Берген ақшаны жарата алмай отырған кімдер?

12 Мамыр 2020, 15:33
1410
Бөлісу:
Берген ақшаны жарата алмай отырған кімдер?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Премьер-министрдің бірінші орынбасары, қаржы министрі Әлихан Смайылов бюджет қаражатын игере алмай отырған мемлекеттік органдарды атады.

Мемлекеттік бюджет шығыстары 97,7 пайызға, республикалық 98,6 пайызға, жергілікті бюджеттер 97,1 пайызға атқарылды. Республикалық бюджеттің шығыстары есепті кезеңде 4 триллион 340 миллиард теңге болды. Бюджет қаражаты 62 миллиард теңгеге атқарылмады. Оның 14 миллиард теңгесі үнемдеу болды. Игерілмеу сомасы 48 миллиард теңге болды, - дейді Әлихан Смайылов.

Министр мемлекеттік органдардың қаржыны игермеуінің негізгі себептері ретін атап өтті.

Игерілмеудің ең ірі сомасы мына орталық мемлекеттің органдарда қалыптасты: Ұлттық экономика, Денсаулық сақтау, Ішкі істер, Қорғаныс, Әділет министрліктері, Жоғары сот. Игерілмеудің негізгі себептері конкурстық рәсімдерді ұзақ және уақытында өткізбеу, қазынашылық органдарына тіркеу шарттары мен қосымша келісімдерді кеш ұсыну шарттарын жасасу рәсімдерін ұзақ жүргізу, сотта мемлекет мүддесін қорғау жөніндегі талап арыз жұмыстарын жүргізумен байланысты, - дейді вице-премьер.

Оның айтуынша, жергілікті бюджеттердің шығыстары 1 трлн 812 млрд теңгеге игерілді және 54 млрд теңгесі орындалмады.

Биыл өңірлерге 2 триллион 336 миллиард теңге нысаналы трансферттер қарастырылған. Алдын ала деректер бойынша 1 мамырға өңірлерге 338 миллиард теңге бөлінді. Оның 95,6 пайызы игерілмеді немесе 323 миллиард теңгесі. Орындалмау соммасы 15 миллиард теңгені болды. Оның 1,3 миллиард теңгесі бюджет қаражатын үнемдеу, 13,7 миллиард теңгесі игерілмеу. Ең көп игерілмеген қаражат келесі өңірлерде қалыптасты: Алматы қаласында - 4,3 млрд теңге, Нұр-Сұлтанда - 2,1 млрд теңге, Павлодар облысында - 2 млрд теңге, Шымкентте - 1,9 млрд теңге, Батыс Қазақстан облысында- 1,3 млрд теңге, - дейді қаржы министрі.

Өзгелердің жаңалығы