Bereke Bank – Орталық Азияның үздік HR-бренді

28 Сәуір 2025, 15:42
271
Бөлісу:
Bereke Bank – Орталық Азияның үздік HR-бренді
Фото: "Bereke Bank" АҚ баспасөз қызметі

Bereke Bank беделді HR-бренд Орталық Азия 2024 Премиясының жеңімпазы атанды, "Берекелі Іс" инновациялық шешімдер байқауы" жобасымен "Өңір" номинациясында бірінші орынды иеленді. Марапаттау рәсімі 24 сәуірде Алматыда өтті, онда Қазақстанның, Өзбекстанның және Қырғызстанның жетекші компаниялары 60-тан астам жобаны алға тартты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл жеңіс Bereke Bank-тің аймақтағы ең жақсы жұмыс берушілердің бірі екенін тағы бір мәрте айқындай түсті. Банк компанияның негізгі құндылықтарын анықтайтын бірегей бастаманы ұсынды – инновациялар, қатысу және заманауи корпоративтік мәдениет.

Бүгінде Bereke Bank өнімді әзірлеуге қатысты үздік тәжірибелер енгізіп, команда ішінде қажетті құзыреттерді қалыптастыруда. Екі жыл ішінде шамамен 800 қызметкер SAFe кеңейтілген әдістемесіне сәтті көшті, бұл клиенттің қажеттілігін назарға ала отырып, қысқа мерзімде сұранысқа ие өнімдер мен қызметтерді іске қосуға мүмкіндік береді.

Бұл тәсілдің негізгі элементтерінің бірі – инновация мәдениетін дамыту және үнемі ең үздік шешімдерді іздеу. 2023 жылы банк қызметкерлерді ынталандыруға және өршіл идеяларды ұсынуға жұмылдырылған әзірлеу командасының арасында ішкі байқау бастады. Осылайша, "Берекелі Іс" бастамасы пайда болды, аталған байқау ізгі өзгерістердің бастамасы болды.

"Берекелі Іс" аз уақыт ішінде жаңа брендтің құндылықтарымен бөлісетін және қызметкерлерге бағыт-бағдар нұсқайтын платформаға айналды: белсенді болу, клиенттерді серіктес ретінде көру және компанияның болашағына қалтықсыз еңбек ету.

Жоба үлкен жетістіктер әкелді: 50-ден астам командалық өтінім, 8 финалға шығушы, 4 іске асырылған идея және айтарлықтай экономикалық көрсеткіш – екі айдың ішінде негізгі клиенттер сегменті 5%-ға артты. Мұның бәрі банк командасының батыл қадамының, белсенді қатысуының және креативті көзқарас танытуының нәтижесі.

Барлығы берекелі болуы үшін тек өз жұмысыңды орындап қана қою жеткіліксіз, ол үшін қашан да жақсыға ұмтылу керек, жаңа дүниелерді ұсынып, клиенттер мен әріптестердің өмірін жақсартуға талпыну қажет. Біз платформа әзірледік, ол жерде әр қызметкер нақты өзгерістің авторы бола алады, - деп атап өтті "Bereke Bank" АҚ (Lesha Bank LLC (Public) ЕБ) Басқарушы директоры Күнсұлу Қапбасова.

Bereke Bank Орталық Азиядағы HR-тәжірибе стандарттарын сенімді түрде сақтап келеді, яғни, банк үшін бизнес-табыстың негізі – қызметкерлермен жұмыс істеуге стратегиялық тұрғыдан қарау.

Өзгелердің жаңалығы