Бердібек Соқпақбаевтың әйгілі повесі Қазақстанда алғаш рет сахналанды

4 Сәуір 2022, 21:22
2281
Бөлісу:
Бердібек Соқпақбаевтың әйгілі повесі Қазақстанда алғаш рет сахналанды
Фото: автордан

Ақтау, BAQ.KZ тілшісі. Нұрмұхан Жантөрин атындағы өңірлік музыкалық-драма театр сахнасында «Менің атым Қожа» қойылымы театрсүйер көрермен назарына ұсынылды.

Балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың танымал шығармасы бойынша қойылған «Менің атым Қожа» спектаклін Маңғыстау өңіріне арнайы шақыртумен келген жас режиссер, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Фархад Молдағали сахналап шығарды. 

Барлығымыз дерлік балалық шақта «Менің атым Қожа» кинофильмін көріп өстік. Қожабергеннің сыныптасы Жанарға деген сезімін өлеңмен арнауы ер жете жазушы болуға талпынысы көрініп-ақ тұрады. Мектеп жасындағы бала болғасын әртүрлі бұзықтық жасап, анасын мектеп жиналысына дейін шақыртқанын жақсы білеміз. Бұған Сұлтан есімді жас жігіттің ықпалы да болды. Біздің театрдың сахнасында көрермен осы бір тамаша фильмді қайталап көру үшін келеміз десе қателескені болады. Өйткені, кино мен театрдың ара-жігі алшақ, - деді деді өңірлік коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәслихатында театр директоры Гүлсина Мерғалиева. 

Бердібек Соқпақбаевтың әйгілі повесі Қазақстанда алғаш рет сахналанды

Маңғыстаулық жас әртістер ауылда өмірге келген қазақ баласының еркін бейнесін көрсетіп, қайсар мінезді Қожаның қызықты іс-әрекеттерін көпке насихаттайтын көңілді қойылым дайындап шығарды деуге болады. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялағаны мәлім. Осы ретте қазақ әдебиетінің классигі Бердібек ағамыздың «Менің атым Қожа» повесі бойынша қойылған спектакль жас көрерменді адам бойындағы ізгі қасиеттерді үлгі етуге шақырып, адамгершілікке баулиды деп сенеміз» - деді өңірлік коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәслихатында театр директоры Гүлсина Мерғалиева. 

Алғашқы қойылымға профессор, Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының деканы, театр сыншысы Меруерт Жақсылықова келіп қатысып, көрермен қошаметімен бірге өнерпаздарға ыстық ықыласын жеткізді.

 

Өзгелердің жаңалығы