Бензин мен дизель қанша теңгеге дейін өсетіні белгілі болды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Министрдің сөзінше, ішкі нарықтағы жанармай жағдайын тұрақтандыру үшін Қазақстанның көрші елдермен салыстырғандағы бағадағы айырмашылықты төмендету қажет.
Бұл қиын, бірақ қажет шешімге бару керекпіз, оны мойындау керек. Ол үшін бөлшек саудадағы жанармай бағасын көтеру қажет, - деп айтты Ақшолақов ОКҚ-да.
АИ-92 және АИ-93 маркалы бензинге бағаны литріне 182-187 теңгеден 205 теңге өседі. Баға өңірге байланысты өзгеруі мүмкін. Яғни өсім – 11%.
Ал дизель отынының бағасын литріне 295 теңгеге өседі, орташа есеппен өсім – 20%. Қазір өңірге байланысты баға 230 теңгеден 260 теңгеге дейін болып тұр.
Болат Ақшолақов бұл бұйрықтың жобасы бүгін жарияланатынын мәлімдеді.