Белсенді жастар қалаға қоқыс контейнерін орнатты

30 Мамыр 2022, 21:02
1707
Бөлісу:
Белсенді жастар қалаға қоқыс контейнерін орнатты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кентау қаласында пластикалық және шыны ыдыстардың қалдығын тастайтын қоқыс контейнері орнатылды, деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Белсенді жастар қалаға қоқыс контейнерін орнатты

 Идея авторы әрі ұйымдастырушы «Көзқарас» белсенді жастар клубы. Өзгелерге үлгі ретінде адам көп жүретін қаланың орталығына бір данасын қойған. Қоқыс контейнері арнайы пластикалық ыдыстарды салуға ыңғайластырылып жасалынған.

Контейнер толған соң пластикалық ыдыстарды пайдаланатын мекемеге жинап өткізетін боламыз, дейді клуб мүшесі Гүлжан Серік.

Белсенді жастар қалаға қоқыс контейнерін орнатты

Арнайы жасалынған контейнерді қаланың басқа да жерлеріне қою мақсатында белсенді жастар эстафета ретінде 20-ға жуық мекемеге жолдаған. Игі бастама қала тазалығын сақтау және қала тұрғындарының мәдениетін дамытуға септігін тигізбек. Мұндай шара қалаға қарасты ауылдарда жалғасын таппақ.

Өзгелердің жаңалығы