Белгісіз сұйықтықтан уланған алтыншы павлодарлық көз жұмды

29 Мамыр 2022, 12:10
1915
Бөлісу:
Белгісіз сұйықтықтан уланған алтыншы павлодарлық көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында белгісіз заттан уланған алтыншы адам қайтыс болды. Бұл туралы Павлодар облыстық Денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді. 

1980 жылы туған пациенттің жағдайы аса ауыр болатын. 29 мамыр күні таңертең ол көз жұмды, - делінген ведомство таратқан хабарламада. 

Еске сала кетейік, Павлодар облысы Ертіс ауылында 7 ер адам белгісіз заттан уланып қалған болатын. Барлық зардап шеккендер ауылдастарының бірінің үйіндегі канистрде сақталған белгісіз сұйықтықты тұтынған. Үшеуі уланған сәтте үйлерінде көз жұмса, тағы екеуі Ертіс аудандық ауруханасына жеткізілді. Қайтыс болғандардың арасында әкесі мен баласы бар. 

Аталған оқиға бойынша полиция қызметкерлері тексеріс жүргізіп жатыр. Қаза болғандардың мәйіті сот сараптамасына жіберілді. Сонымен қатар сұйықтық сақталған канистрді де сараптама алып кеткен. 

Өзгелердің жаңалығы