Белгілі қазақ спортшысы қайтыс болды

3 Желтоқсан 2022, 17:43
2480
Бөлісу:
Белгілі қазақ спортшысы қайтыс болды

Баскетболдан қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Әлжан Жармұхамедов 78 жасқа қараған шағында қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Белгілі спортшы КСРО құрамасында болған. 

Бүгін ұзаққа созылған дерттен кейін ЦСКА мен құраманың ұлы ойыншысы өмірден озды. Аты аңызға айналған спортшы 78 жаста болатын, - делінген клуб таратқан хабарламада.

Жармұхамедов қазақтан шыққан алғашқы Олимпиада чемпионы деген атпен тарихқа енді. Ол Тәжікстанда дүниеге келген және спорттағы мәнсабы басталған кезде Ташкенттегі әскери клубтың намысын қорғады. 

Мәскеудегі ЦСКА клубына 1969 жылы мүше болып, 11 маусым бойы ойнаған. Командасымен бірге Еуропалық чемпионат кубогы мен КСРО чемпионының 10 лауазымы үшін күресті.

Сондай-ақ Жармұхамедов 1972 жылы КСРО құрамасы сапында Олимпиада ойындарының алтынын және 1976 жылғы Олимпиаданың қолы жүлдегерін иеленді. Оынң қоржынында Еуропаның үш чемпионатының жүлдесі, әлем чемпионаттарының күміс (1978) және қола (1970) жүлдесі бар. 

Өзгелердің жаңалығы