Белгілі продюсер Мұрат Ерғалиев қайтыс болды

18 Шілде 2020, 14:11
3533
Бөлісу:
Белгілі продюсер Мұрат Ерғалиев қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Белгілі продюсер, 63 жастағы Мұрат Ерғалиев коронавирустан қайтыс болды.

Мұрат Ерғалиев көпшілікке "Жас Қанат", "Азия дауысы"  байқауларының негізін қалаушы және бас директоры ретінде танымал. 1990-2000 жылдары ел іздеп көрген бұл байқауларда талай таланттар қанат қағып, елге танылды. 

 Сондай-ақ, Мұрат Ерғалиев тәуелсіз Қазақстанда ең алғаш музыкалық телевидение ашып, негізін қалаған жанның бірі.
Өзгелердің жаңалығы