Белгілі мүсінші Тілеуберді Бинашев өмірден озды

30 Тамыз 2022, 09:25
1269
Бөлісу:
Белгілі мүсінші Тілеуберді Бинашев өмірден озды

Белгілі қазақстандық мүсінші, еңбек сіңірген өнер қайраткері Тілеуберді Бинашев қайтыс болды деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Бұл туралы марқұмның әріптесі, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Марлан Нысанбаев Facebook желісіндегі парақшасына жариялады.

Біздің досымыз, әріптесіміз, белгілі мүсінші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, "Құрмет" орденінің иегері, Академияның толық мүшесі, Қазақстан Республикасының өнер қайраткері Тілеуберді Бинашев өмірден өтті, - деп жазды ол.

Тілеуберді Бинашев 1956 жылы 16 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Бинашев "Құрмет" орденінің иегері, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы Көркем сурет академиясының толық мүшесі, сондай-ақ Ресей өнер академиясының құрметті шетелдік мүшесі.

Бинашев туындылары Алматының сәнін келтіріп тұр. Бұл - Күләш Байсейітова, Құрманғазы, Ахмет Жұбановтың ескерткіштері, Райымбек даңғылындағы этнографиялық мүсіндер және Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік музейдің коллекциясы.

Оның туындыларының қатарында 2020 жылы Алматыдағы Гүлдер алаңында ашылған Абай бюсті, Түркістандағы Шәмші Қалдаяқов ескерткіші, сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші бар.

Өзгелердің жаңалығы