Белгілі хирург Алмас Ормантаев қайтыс болды

13 Желтоқсан 2020, 16:50
2181
Бөлісу:
Белгілі хирург Алмас Ормантаев қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дәрігердің қайтыс болғаны туралы оның әріптесі хирург Асылжан Ерекешов өзінің Facebook-тегі парақшасында хабарлады. 

Бүгін ұзақ аурудан кейін 63 жасында Қазақ ұлттық медицина университетінің балалар хирургиясы кафедрасының меңгерушісі, «Қазақстандық балалар хирургтары» РҚБ төрағасы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Ормантаев Алмаз Камалұлы мезгілсіз қайтыс болды. Марқұмның отбасына көңіл білдіреміз, - деп жазды ол. 

Халықаралық репродуктология академиясының президенті Вячеслав Локшин де дәрігердің жақындары мен әріптестеріне көңіл айтты.

Профессор, академик К.С.Ормантаевтың ұлы Алмас Ормантаев мықты хирург, ғалым, педагог, жақын дос, керемет оптимист, өмірге ғашық жан еді. Ол мыңдаған баланың өмірін құтқарған адам, жүздеген балалар хирургін дайындаған маман. Бұған сену қиын. Жақындарына шын жүректен көңіл айтамын. Сіздермен бірге қайғырамыз, - деп жазды ол.

Алмас Ормантаев қазақстандық балалар хирургиясының негізін салған әкесі - академик Камал Ормантаевтың ізін жалғады. Алмас Ормантаев 1982 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын бітіргеннен кейін Мәскеудегі КСРО МҒА педиатрия ҒЗИ-да балалар хирургиясы бойынша клиникалық ординатурада оқыды. РФ АМН педиатрия ҒЗИ балалар хирургиясы бойынша докторантураны бітіргеннен кейін ПжБХҒО балалар хирургиясы бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.

2009 жылдан 2013 жылға дейін Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында Педиатрия және балалар хирургиясы бойынша Медициналық директордың орынбасары, балалар хирургиясы бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді. 2013 жылдан бастап С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ балалар хирургиясы кафедрасын басқарады. Грац қаласындағы (Австрия) медицина университетінің университеттік клиникасында балалар хирургиясы бойынша маманданудан өтті.

Өзгелердің жаңалығы