Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елуді еңсерген шағында ел ағасы, белгілі дін қайраткері Әбдіғаппар Сманов дүние салды.
Әбдіғаппар Сманов 1970 жылдың ақпанында Түркістан облысының Сарыағаш ауданында дүниеге келді. 1990-1994 жылдары Бекабад қаласындағы "Мағрифат" медресесінде (Өзбекстан) діни білім алды. 1994 жылдан бастап "Таяқты ишан" мешітінде бас имам және осы мешіт жанындағы медреседе ұстаздық қызмет жасады.2010-2016 жылдары Сарыағаш медресе-колледжі директорының орынбасары, 2016 жылдың желтоқсанынан бастап Сарыағаш медресе-колледжінің директоры қызметін атқарды.
Әбдіғаппар Шәкірұлы Қазақ топырағындағы Ислам дінінің гүлденуі жолында елеулі еңбек атқарды. ҚМДБ-ның Республикалық ақпараттық насихат тобы құрамында еліміздің бірқатар аймағында болып, жұртшылықпен жүздесіп, асыл дініміздің насихатшысына айналды.
Алланың рақымы, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) шапағаты болғай!