Белгілі диктор Әбдірәлі Бөлебай қайтыс болды

6 Сәуір 2022, 18:54
2314
Бөлісу:
Белгілі диктор Әбдірәлі Бөлебай қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Радио және телевизия саласының ардагері, белгілі диктор Әбдірәлі Бөлебайдың қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен жақындарының қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

 Әбдірәлі Бөлебай 70 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Бүкіл саналы ғұмырын Әбдірәлі Бөлебай қазақстандық журналистиканың дамуына зор үлесін қосуға арнады. 

Әбдірәлі Бөлебай өмірінің соңында дейін Қазақ радиосында дикторлық қызмет атқарды. Еңбек жолында Хабар, Қазақстан телеарналарында дикторлық өнердің қыр-сырын терең меңгерген, дауыс үні өзгеше, шеберлігі толысқан білікті маман ретінде өз ізін қалдырды.

 Кез келген ақпараттың шырайын шығарып оқитын Әбдірәлі ағамыздың бейнесі көзі қарақты көрерменнің жадында мәңгі қалары сөзсіз. Әбдірәлі ағамыздың алтын дауысы Қазақ радиосының «Алтын қорында» сақтаулы.

Өзгелердің жаңалығы