Белгілі айтыскер Жарқынбек Наушабеков өмірден өтті

2 Қазан 2019, 23:05
4494
Бөлісу:
Белгілі айтыскер Жарқынбек Наушабеков өмірден өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Белгілі ақын, Оңтүстік өңіріндегі айтыс өнерінің талантты өкілдерінің бірі — Жарқынбек Наушабеков 44 жасына қараған шағында ауыр науқастан өмірден өтті. Бұл туралы «Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық одағы» РҚБ хабарлады.

Наушабеков Жарқынбек Абазбекұлы 1976 жылы 12 қаңтарда ОҚО (қазіргі Түркістан облысы) Сарыағаш ауданы Ақтөбе ауылында дүниеге келген. 1997 жылы Арқалық қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық институтты бітірген. Айтыс өнеріне мектеп жасынан араласқан.

Алғашқы ірі жеңісі 1992 жылы Шымкентте облыстық жас ақындар айтысының бас жүлдесін жеңіп алған. Республикалық, халықаралық ақындар айтысының бірнеше дүркін жеңімпазы. 2008 жылдың қорытындысы бойынша «Оңтүстік Қазақстан облысының ең үздік айтыскер ақыны» номинациясын иеленген. «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен наградталған. Өмірінің соңғы кезеңдері Сарыағаш аудандық Тілдерді оқыту және дамыту орталығының директоры қызметін атқарды.

Өзгелердің жаңалығы