Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Белгілі әншіні күйеуі тұншықтырып өлтірді

30 Шілде 2025, 12:58
44400
Бөлісу:
 orenburg.media
Фото: orenburg.media

Өзбекстанның Самарқанд облысындағы Тайлақ ауданында Zeboyi Jahon лақап атымен танымал Зебинисо Носированың мәйіті табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Gazeta.uz-ге сілтеме жасап.

Әншінің өліміне балаларын көруге келген жұбайы күдікті деп танылып отыр, - деп түсіндірді интернет-басылым.

Белгілі әншіні күйеуі тұншықтырып өлтірді
Фото: instagram.com/@zeboyijahonsinger

Жергілікті телеарналардың бірі таратқан мәліметке сәйкес, жұбайлар арасында келіспеушіліктер болып, күйеуі әйелін қолымен тұншықтарған. Әйел оқиға орнында көз жұмғаны анықталды.

Менің қарындасым мұндай өлімге лайық емес еді. Сол күні мен жұмыста болдым, өзім жедел жәрдемде жұмыс істеймін. Шамамен сағат 4-терде әйелім хабарласып, әпкеме бір нәрсе болғанын айтты. Анама қоңырау шалып едім, ол: "Тез кел, оны өлтіріп кетті" деді. Әйеліне, үш ұлының анасына мұндай қатігездік жасауға қалай дәті барды, - дейді қаза тапқан әншінің ағасы.

Бас прокурордың баспасөз хатшысы Хаёт Шамсутдиновтің айтуынша, 1992 жылы туған ер адамға қатысты Өзбекстанның Қылмыстық кодексінің 97-бап 1-бөлімі бойынша ("Қасақана адам өлтіру") қылмыстық іс қозғалды.

Көз жұмған әншінің артында үш ұлы қалды.

Өзгелердің жаңалығы