Белдік тақпағаны үшін айыппұл: Жүргізушілер нені білуі керек

Қауіпсіздік белдігі апат кезінде өлім қаупін 45-50 пайызға дейін азайтады.

Бүгiн 2026, 18:00
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов Бүгiн 2026, 18:00
Бүгiн 2026, 18:00
101
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Көп жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпай, оны "керек емес нәрсе" деп қабылдайды. Алайда бұл қарапайым әрекет кей жағдайда адам өмірін сақтап қалуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

"Заң мен тәртіп – 1 минутта" жобасының кезекті шығарылымында дәл осы мәселе көтерілді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, қауіпсіздік белдігі апат кезінде өлім қаупін 45-50 пайызға дейін азайтады.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 593-бабы, 2-бөлігіне сәйкес, қауіпсіздік белдігін тақпау құқықбұзушылық саналады. Мұндай жағдайда жүргізушіге немесе жолаушыға 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Аида/журналист/UGC-креатор/регистрация брака (@aidabatukhan)

Наверх