Беларусь Ұлттық қауіпсіздік туралы шарт ұйымынан көмек сұрай алады

16 Тамыз 2020, 16:24
1359
Бөлісу:
Беларусь Ұлттық қауіпсіздік туралы шарт ұйымынан көмек сұрай алады

Беларусь билігі елге сырттан қауіп төнсе, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымынан көмек сұрай алады деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы "РИА Новости" агенттігіне осы құрылымның баспасөз хатшысы Владимир Зайнетдинов мәлімдеді. 

Оның айтуынша, әзірге Беларусьтен ресми өтініш түспеген. Бірақ мұндай өтініш жасала қалған жағдайда, шешім ұйымға мүше елдердің бірлесіп қабылданатынын айтады. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Президент Александр Лукашенко Ресей басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, оның ел қауіпсіздігіне қауіп төнген жағдайда көмектесуге келіскенін хабарлаған еді.

Өзгелердің жаңалығы