Бельгияда 20 шілде су тасқыны құрбандарын ұлттық аза тұту күні деп жарияланды

17 Шілде 2021, 01:25
1941
Бөлісу:
Бельгияда 20 шілде су тасқыны құрбандарын ұлттық аза тұту күні деп жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бельгия билігі 20 шілдені елдің оңтүстігінде 23 адамның өмірін қиған су тасқыны құрбандарын ұлттық аза тұту күні деп жариялады, деп хабарлайды ТАСС.

Бұл туралы Брюссельде өткен баспасөз конференциясында Бельгия премьер-министрі Александр Де Кроо хабарлады.

20 шілде Бельгияда ұлттық аза тұту күні деп жарияланды, апат салдарынан біздің ел бұрын-соңды болмаған апатты жағдайды бастан өткеруде, – деді премьер-министр.

Өзгелердің жаңалығы