Бекзат Алмахан UFC-дегі дебюттік жекпе-жегінде жеңіліс тапты

3 Наурыз 2024, 09:33
478
Бөлісу:
Бекзат Алмахан UFC-дегі дебюттік жекпе-жегінде жеңіліс тапты
Фото: видеодан кадр

26 жастағы қазақстандық Бекзат Алмахан UFC-дегі дебюттік жекпе-жегінде ресейлік Умар Нурмагомедовтен жеңіліп қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жеңіл дивизион рейтингінде 13-ші орында тұрған Бекзат пен 28 жастағы Нурмагомедов арасындағы жекпе-жек Лас-Вегастағы UFC Fight Night 238 турнирінде басты картада өтті.

Төрешілердің шешімімен үш раунд қорытындысы бойынша ұпай санымен Умар Нурмагомедов жеңімпаз атанды.

Мен бұл жекпе-жек әлдеқайда жеңіл болады деп үміттендім, бірақ бұл жігіт мықты екен. Мен оны тұншықтыру әдісімен жеңемін деп ойлаған едім, - деді Умар.

Өзгелердің жаңалығы