Бектенов "Жайлы мектеп" жобасының шикілігін атады

20 Ақпан 2024, 10:48
472
Бөлісу:
Бектенов "Жайлы мектеп" жобасының шикілігін атады
Фото: -архив

Ұлттық жобаны іске асыруда белгілі бір шикіліктер де бар. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ұлттық жобаны іске асыруда белгілі бір шикіліктер де бар екенін атап өткен жөн. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Ұлттық жобаны іске асыру барысын, әсіресе жер учаскелерін бөлу және жобалық құжаттаманы кешіктіру мәселелерін әділ сынға алды. Үкіметке барлық проблемаларды тез арада жоюды тапсырды. “Самұрық-Қазына” қорының тарапынан мердігер ұйымдардың жұмысына тиісті бақылау жасалмай отыр, - деді Бектенов.

Сонымен қатар Премьер-министр атап өткендей, жекелеген өңірлерде әлі күнге дейін жер учаскелерін рәсімдеу және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселелері шешілмей келеді.

Өңір әкімдерінің формализм мен мәселені орталыққа ысыра салу әрекеті жобалау және құрылыс жұмыстарының кешігуіне әкеп соқтырып жатыр. Сондықтан объектілер уақытында тапсырылмай қала ма деген қауіп те жоқ емес. Құрылыс материалдарын, жабдықтар мен жиһаздарды сатып алу ісіне барынша отандық өндірушілерді тарту қажет, - деді ол.

Олжас Бектенов жайлы мектептердің құрылысы Үкіметтің қатаң бақылауында болатынын әрбір басшының есіне салды.

Өзгелердің жаңалығы