Бектенов: Кемінде 150 млрд доллар шетелдік инвестиция тартуымыз қажет

13 Ақпан 2024, 11:17
313
Бөлісу:
Бектенов: Кемінде 150 млрд доллар шетелдік инвестиция тартуымыз қажет
Фото: pixabay.com

Үкіметті отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов елімізге қанша доллар инвестиция тарту қажет екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекет басшысы Үкіметтің алдына 2029 жылға қарай ұлттық экономика көлемін 450 млрд долларға дейін, яғни 2 есе ұлғайту туралы ауқымды міндет қойды. Бұл ретте осы кезеңде біз кем дегенде 150 млрд доллар тікелей шетелдік инвестиция тартуымыз қажет, - деді Үкімет басшысы.

Оның сөзінше, инвестиция экономиканың өсуін ынталандырады, жаңа өндірістерді, жұмыс орындарын ашуға, инфрақұрылымды дамытуға, өнімділікті арттыруға мүмкіндік береді.

Инвестициялар ЖІӨ-нің өсуінің негізгі драйвері ретінде маңызды рөл атқарады. Сол себепті дұрыс инвестициялық саясат қалыптастыру негізгі фактор. Инвестиция тартудың біртұтас экожүйесін құру, инвестициялық жобаларға тиімді қолдау көрсету, сондай-ақ жобаларды уақтылы іске асыру үшін жағдай жасау Үкіметтің осы бағыттағы үйлесімді жұмысының көрсеткіші болады, - деп айтты Олжас Бектенов Үкімет отырысында.

Премьер-министр Ұлттық экономика министрлігіне мемлекеттік органдармен бірге мемлекеттік органдар мен даму институттарының жұмыс тиімділігін арттыру, сондай-ақ нысаналы индикаторларға қол жеткізілмейтін болса, олардың жауапкершілігін арттыру бойынша пәрменді және ынталандырушы KPI белгілеуді тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы