Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Бектенов бюджет шығындарын қатаң бақылауды тапсырды

26 Тамыз 2025, 11:16
676
Бөлісу:
 Үкімет баспасөз қызметі
Фото: Үкімет баспасөз қызметі

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов әлеуметтік-экономикалық дамуға қол жеткізу үшін бюджетті қатаң бақылауды тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, Президент тапсырмасына сәйкес, бюджет әлеуметтік мәселелерге бағдарланған болып қалады.

Сонымен қатар экономиканың өсуін ынталандыруға бағытталған шығыс та ұлғайтылатын болады. Мұндай шығыс осы жылмен салыстырғанда келесі жылы жалпы шығыс құрамында шамамен 11%-дан 16%-ға дейін өсіп отыр. Бұл өз кезегінде жалпы ел үшін маңызы бар инфрақұрылымдық жобалар, бизнесті ынталандыру мен мемлекеттік қолдау шараларынан тұрады. Осы шығыстар өңірлердің дамуына және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға оң әсерін тигізеді, - деп атап өтті Үкімет басшысы.

Айтуынша, республикалық бюджет жобасы мен жалпы сипаттағы трансферттерді қалыптастыру барысында жаңа Бюджет және Салық кодекстері ескерілгенін атап өту маңызды.

Барлық мемлекеттік органдарға елдің әлеуметтік-экономикалық дамудың белгіленген параметрлеріне қол жеткізуді қамтамасыз етуді тапсырамын. Бюджет қаражатын барынша тиімді және уақтылы пайдалану, сондай-ақ шығындарды қатаң бақылауда ұстау маңызды болып саналады. Талқылауларды ескеріп, 2026-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын және 2035 жылға дейінгі ұзақ мерзімді болжамды мақұлдауды ұсынамын, - деді Олжас Бектенов.

Отырыста 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы және алдағы үш жылдық кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы заңдардың жобалары мақұлданды.

Өзгелердің жаңалығы