Бектаев: Экономикамызды дамытқымыз келсе, еңбек адамын 1-орынға қоюымыз керек

5 Ақпан 2021, 15:33
2284
Бөлісу:
Бектаев: Экономикамызды дамытқымыз келсе, еңбек адамын 1-орынға қоюымыз керек
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордада «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы еңбек адамдарын марапаттады. 

«Еңбек адамы – ел тірегі» әлеуметтік бастамасы дәстүрге айналып, оның аясында соңғы төрт жылда әр салада еліне қызмет етіп жүрген 700-ге таяу партия мүшесінің еңбегі еленді. 

Бектаев: Экономикамызды дамытқымыз келсе, еңбек адамын 1-орынға қоюымыз керек

Партия төрағасы Әли Бектаев ел экономикасы деген ол қарапайым адамдардың еңбегінің жемісі екенін атап өтті.

Бектаев: Экономикамызды дамытқымыз келсе, еңбек адамын 1-орынға қоюымыз керек

Бектаев: Экономикамызды дамытқымыз келсе, еңбек адамын 1-орынға қоюымыз керек

Бектаев: Экономикамызды дамытқымыз келсе, еңбек адамын 1-орынға қоюымыз керек

Біз экономикамызды дамытқымыз келсе, еңбек адамын бірінші орынға қоюымыз керек. Өйткені өндірістің басында тұрған солар. Біз трактор, комбайн жүргізіп, нағыз маңдай терін төгіп жүрген жандарды дәріптеуіміз керек. Әр саланың өз машақаты мен ерекшелігі бар. Соған қарамастан өз ісіне берілген жандарға алғыс білдіру мақсатында осы «Еңбек адамы - ел тірегі» жобасы іске қосылған болатын. Бүгінгі жиында өткен жылы өз саласының үздікері атанған жандарды марапаттауға жиналдық, – деді Әли Бектаев.

Бектаев: Экономикамызды дамытқымыз келсе, еңбек адамын 1-орынға қоюымыз керек

Бектаев: Экономикамызды дамытқымыз келсе, еңбек адамын 1-орынға қоюымыз керек

Оның айтуынша, еліміздің түкпір-түкпірінен 120 азамат марапатқа ие болды. Алайда пандемия салдарынан олардың бәрін елордаға жинау мүмкін болмады. 

Сондықтан көбінің марапаты жергілікті жерде тапсырылды. Ал бүгін ауыл шаруашылығы, білім беру, денсаулық сақтау, өнеркәсіп және өзге де салаларды дамытуға үлес қосқан жиырма шақты партия мүшелері марапаттарын төрағаның қолынан алды. 

Бектаев: Экономикамызды дамытқымыз келсе, еңбек адамын 1-орынға қоюымыз керек

Еңбегі еленген сондай жанның бірін сөзге тарттық.

Бұл марапатқа ие болу мен үшін абырой. Соңғы жылдары білім саласында біраз жұмыс жасадым. Аграрлық университетте шәкірттерді білім нәрімен сусындатумен қатар, декан орынбасары сияқты қызметтерді атқардым. Енді білімімді ауылдың дамуына бағыттамақпын, - дейді Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми өндірістік орталығының агрономы Октябрь Құрметбек.

Бектаев: Экономикамызды дамытқымыз келсе, еңбек адамын 1-орынға қоюымыз керек

Ол қаладан ауылға көшіп барып, агроном ретінде жұмыс істеуді жөн деп шешкен екен.

Жалпы ел дамуының өзегі осы ауылдарда ғой. Жастардың көбі ауылды қалаға ауыстырғаны қынжылтады. Жас маман кадрларын ауылға тарту үшін су, жылу, жайлы пәтер сияқты жағдай жасауға назар аударуымыз керек. Сондай-ақ лайықты жалақымен қамтамасыз етілуі тиіс. Тек сонда ғана жастарды ауылға тарта аламыз. Олар ауылға бет бұрса, ауыл да жанданар еді, – дейді ол.

Бектаев: Экономикамызды дамытқымыз келсе, еңбек адамын 1-орынға қоюымыз керек

Айта кетейік, 2020 жылы партияның бес мүшесі «Құрмет», «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» мемлекеттік марапат иесі атанды. Жүз он жеті мүшесі министрліктердің ведомствалық наградаларымен марапатталды.

Бектаев: Экономикамызды дамытқымыз келсе, еңбек адамын 1-орынға қоюымыз керек

Олжас АДАЙ
Өзгелердің жаңалығы