Сенатор Әли Бектаев Қазақстанның астық саласындағы проблемаларды көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Онда ауыл шаруашылығын өркендетудегі ескірген әдістер, отандық тұқым шаруашылығының төмен деңгейі, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеудің кенже қалғаны туралы айтылды.
Сенатор отандық тұқым шаруашылығындағы проблемаларға да назар аударды. Әли Бектаев қазақстандық ғылыми-зерттеу институттарындағы селекциялық жұмыс деңгейінің төмендігін атап өтті. Соның салдарынан шаруалар жыл сайын шетелдік селекцияның тұқымын сеуіп келеді.
Ғалымдар мен сарапшылардың қатысуымен жұмыс тобын құру арқылы Қазақстанның астық өндірісінің проблемаларын терең зерделеу керек деп есептеймін. Соның нәтижесінде АӨК-нің басқа да мүдделі салалары интеграцияланған астық өндірісін тұрақтандыру бағдарламасы үлгісінде жүйелі шаралардың әзірленуі тиіс. Аталмыш бағдарламаның жеке бөлімі отандық селекцияны және тұқым шаруашылығы жүйесін дамытуға арналуы тиіс, - деді депутат.