Коронавирус: Бекшин жаңа қаулы шығарды

<h4>Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды.</h4>

 17 Қыркүйек 2021 2021, 18:43
17 Қыркүйек 2021 2021, 18:43
10234

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды.

Жаңа қаулыда «қызыл аймақ» режиміндегі нысандар жұмысы көрсетілген. Онда «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық нысандардың қызметін жұмыс режимімен уақытша шектеу бекітілген.

Демалыс күндері барлық «Ashyq» нысаны үшін сағат – 00.00 дейін, «Ashyq» көшбасшылары үшін сағат 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілген, алайда қызметкерлер мен клиенттерде «жасыл мәртебе» болуы қажет.

Ал жұмыс күндері «Ashyq» барлық нысаны үшін 00.00 сағатқа дейін, «Ashyq» көшбасшылары үшін сағат 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілген. 

Сондай-ақ «Ashyq» көшбасшыларына келесі жеңілдіктер қарастырылған:

№37 Қаулыдағы «Ashyq» көшбасшылары мәртебесін беру алгоритмінің 1) және 4) тармақтарына сәйкес «Ashyq» көшбасшылары «қызыл» аймақта «сары» аймақтың шарттары бойынша жұмыс істейді.

Қаулының толық нұсқасымен танысу үшін сілтеме арқылы өтсеңіз болады.

Наверх