Бекшин: Коронавирус субұрқақ арқылы жұғады

7 Маусым 2021, 17:23
2639
Бөлісу:
Бекшин: Коронавирус субұрқақ арқылы жұғады

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда өткен онлайн брифингте Алматының мемлекеттік бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин субұрқақтарда адам көп жиналғандықтан, коронавирус инфекциясын жұқтыру ықтималдығы жоғары екенін айтты.

Субұрқақтарда шомылу адамдардың денсаулығына зиян. Тұман тәрізді әсері бар субұрқақтар ерекше қауіп төндіреді. Пандемия кезінде олардың жұмысы тоқтатылады, - деді Бекшин.

Сондай-ақ ол қаладағы субұрқақтар жанына шомылуға тыйым салатын белгілер орнатылатынын айтты. Санитар дәрігерлер де, жергілікті атқарушы органдар да субұрқақтарды бақылауға алмақ.

Айта кетсек, бұған дейін Алматыда тұман тәрізді жаңа субұрқақ ашылып, ертеңінде жабылып қалған болатын. Көпшілік оны істен шықты десе, қала басшылығы адамдардың көптеп жиналуымен өшіргенін айтқан еді.

Бекшин сондай-ақ саябақтарға, адам көп жиналатын орындарға, базарлардың кіреберістеріне бетперде режимін бақылау күшейтілгенін, ол жерлерге бетпердесіз кіруге болмайтынын айтты.

Өзгелердің жаңалығы