Бекшин вакцина салдырды

1 Ақпан 2021, 15:03
1528
Бөлісу:
Бекшин вакцина салдырды
PHOTO
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Алматыдағы №5 қалалық ауруханада денсаулық сақтау мекемелерінің басшылары вакцина салдырды.

Алматы қаласы бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин және қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев алғашқылардың бірі болып коронавирусқа қарсы вакцина салдырды.

Бекшин вакцина салдырды

Ресейде дайындалған «Спутник V» вакцинасының 2050 дозасы кеше Алматыға жеткізілген болатын.

Бекшин вакцина салдырды

Қала әкімінің орынбасары вакцина салдырудан бұрын БАҚ өкілдерінің көп жиналғаны үрейлендіргенін айтты. Ал Бекшин еш уайымдамағанын жеткізді.

Бұл - қауіпсіздігі дәлелденген вакцина. Ресейде 2 млн-дай адам бұл екпені салып үлгерді. Бұл вакцинаның сапасына, тиімділігіне еш күмән келтірмеймін, - деді Ж. Бекшин.

Вакцина салудың бірінші кезеңінде инфекциялық аурулардың жедел медициналық көмек, реанимация бөлімшесі, қабылдау бөлімшесінің қызметкерлері, санэпид қызметкерлеріне екпе салынады.

Бекшин вакцина салдырды

Екінші кезеңде жалпы білім беретін мектеп, жоғары және арнаулы орта білім беретін оқу орындарының мұғалімдері, медициналық қызметкерлерге салынады.

Бекшин вакцина салдырды

Үшінші кезең бойынша екпе 1 сәуірден бастап салынады екен. Ол кезде мектеп-интернат мұғалімдері, мектепке дейінгі мекеме қызметкерлері, студенттер мен созылмалы ауруы бар науқастарға салынады.

Бекшин вакцина салдырды

Бекшин вакцина салдырды

Бекшин вакцина салдырды

Бекшин вакцина салдырды

Өзгелердің жаңалығы