Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында қаланың бас мемлекеттік санитар-дәрігері Жандарбек Бекшин айтты. Сондай-ақ ол індеттің беті қайтқанша, қоғамдық орындарға баруды шектей тұруға шақырды.
Егер көпшілік жиындар туралы айтатын болсақ, мен өзім оларға бармауға шақырамын. Өзім ауырып тұрмасам да, вакцина салдырсам да, мен вирустың тасымалдаушысы болуым мүмкін. Ауырмауым мүмкін, алайда ауруды тасымалдап, отбасыма алып келуім ықтимал. Сондықтан тойға баруға мен тыйым салдым, - деді қаланың бас санитар дәрігері.
Сондай-ақ ол бос уақытын қалай өткізетіндігімен бөлісті.
Демалыс күндерімде, сенбі және жексенбіде бір сағат үстел теннисін ойнап, таза ауада серуендеймін, - деп атап өтті Жандарбек Бекшин.
Еске сала кетейік, бұған дейін мегаполистің бас санитар дәрігері коронавирус көрсеткіштеріне қатысты болжамын айтқан еді.