Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында қаланың бас мемлекеттік санитар-дәрігері Жандарбек Бекшин айтты. Сондай-ақ ол сөзінде Алматыда коронавирус төмендегенін алға тартты.
Шектеу шаралары шектеу факторы болып табылады. Бірақ мегаполис әлі де «қызыл» аймақта. Коронавируспен сырқаттанушылық деңгейінің төмендеуіне байланысты шектеу іс-шараларын жоспарлы түрде жеңілдету басталды. Инфекцияның төмендеу қарқынына қарамастан, шектеу шаралары ұжымдық иммунитетке жеткенге дейін сақталуы тиіс, - деп атап өтті қаланың бас санитар дәрігері.
Сондай-ақ ол дерттің төмендеуі сақталса, тәулігіне қанша адам ауыратынына жорамал жасады.
Дерттің төмендеу қарқыны сақталған жағдайда айдың соңында тәулігіне 300-ден аз жағдай болады деп болжануда. Тиісінше, апталық сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 121,6 апта бұрын 113,9 жағдайға дейін төмендеуде, - деді Жандарбек Бекшин.
Оның пікірінше, аурудың тұрақтануына халықтың иммундық қабатының өсуі себеп болған. Ол бүгінгі күні 54%-ды құрайды.
Айта кететін жайт, екінші компонентпен халықтың ресми санының 45,8%-ы, оған қоса жыл баснан бері ауырып жазылғандардың 7,9%-ы вакцинацияланған.