Бекшин Алматыда эпидахуалдың жақсаруына не әсер еткенін айтты

7 Маусым 2021, 14:22
1907
Бөлісу:
Бекшин Алматыда эпидахуалдың жақсаруына не әсер еткенін айтты

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин қаланың «сары» аймаққа өтуіне қандай жағдай әсер еткенін айтты.

Оның айтуынша, Алматы «сары» аймақта болғанымен, эпидемиологиялық ахуал әлі де күрделі. Қазір қаладағы аурушаңдық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда - 64,4%, ал жұқтыру көрсеткіші - 0,7%.

Қалада вирус жұқтырудың төмендеу себебі жаппай вакцина салдыру болды. Қалада қазір 316 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы екпе алды. Бұл қала тұрғындарының 16%-ы, қалған 5 пайызы ауырып шыққандар. Жалпы қоғамдық иммунитеттің қалыптасуы 21%-дан асты. Осының әсерінен қалада вирустың таралуы төмендеді. Екіншіден, жіті жүргізілген шектеу шараларының пайдасы тиді. Сондай-ақ қала ішіндегі қауіпті ошақтардың барлығын залалсыздандырып отырдық, - деді Бекшин.

Айта кетсек, Алматыда өткен тәулікте 1 257 адам вакцина алған, жалпы екпе алғандар саны 316 407 адам. Сауда орталықтары мен базарлар адамдарды ынталандыру үшін вакцина алғандар арасында ұтыс ойындарын өткізіп келеді.

Өзгелердің жаңалығы