Бекетаев заң жобасының мерзімін бұзбауға жауапкершілікті арттырудың жолын айтты

30 Желтоқсан 2019, 09:52
2605
Бөлісу:
Бекетаев заң жобасының мерзімін бұзбауға жауапкершілікті арттырудың жолын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әділет министрі Марат Бекетаев бүгінгі Үкімет отырысында Әділет министрлігі заң жобалау қызметіне бақылауды күшейтуге және заң шығармашылық жұмысының сапасын арттыруға бағытталған бірқатар шешімге түзетулер әзірлеген.

Министрдің айтуынша, бұл заң жобасының мерзімін ауыстырылғаны немесе кешіктірілгені үшін әзірлеуші мемлекеттік органдардың жауапты тұлғаларының жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.

Бұл әрине, Парламент депутаттары мен Президент әкімшілігі тарапынан негізді сын туғызды. Заң жобалау мәселелері бойынша Cіздің (Асқар Маминнің – авт.) төрағалығыңызбен де бірнеше жиналыстар өткізілді. Атқарылған жұмыстың нәтижесінде Әділет министрлігі заң жобалау қызметіне бақылауды күшейтуге және заң шығармашылық жұмысының сапасын арттыруға бағытталған бірқатар шешімге түзетулер әзірледі. Аталған түзетулер жоспарланған заң жобасының мерзімін ауыстырғаны немесе мерзімдерін бұзғаны үшін әзірлеуші мемлекеттік органдардың жауапты тұлғаларының жауапкершілігін арттыруды көздейді. Бұл түзетулер барлық министрлікпен келісілді. Тиісті қаулы жобасы сіздің кеңсеңіздің қарауында. Бұған қоса, заңдарды әзірлеу, олар бойынша қоғамдық талқылау және қабылдау рәсімдерін реттеу мақсатында Әділет министрлігі заң процесін жетілдіру мәселелері бойынша заңнамалы түзетулер топтамасын әзірледі. Тиісті заң жобасы Үкіметтің отырысында мақұлданды және жақын арада Парламентке енгізілетін болады. Біздің пікірімізше, жоғарыда аталған ұстанымдар Үкіметтің заң жобалау жұмыстарын сапалы жоспарлауды, сондай-ақ Үкіметке және Парламентке заң жобаларын уақтылы енгізуге оң әсер етеді, - деді Марат Бекетаев.

Айта кетсек, бұған дейін әділет министрі елімізде Биыл жоспарланған заң жобасының жартысы Парламентке мерзімінен кеш ұсынылғанын баяндаған болатын.

Өзгелердің жаңалығы