Бекболат Тілеухан: Көп мәселе ұлттық сенім кеңесі арқылы биліктің құлағына жетіп отыр

20 Желтоқсан 2019, 19:17
3235
Бөлісу:
Бекболат Тілеухан: Көп мәселе ұлттық сенім кеңесі арқылы биліктің құлағына жетіп отыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Бекболат Тілеухан бүгінгі екінші жалпы отырыстағы қаралған мәселелерге тоқталды. 

Билік пен бұқараның арасында жарасым болмай, ортақ арнаға тоғыспай тәуелсіздіктің баяндылығы жайында әңгіме айту мүмкін емес. Жалпы, айтарлықтай жұмыстар атқарылды. Ең басытысы нақты нәтиже бар. Бұқараның көкейінде жүрген мәселелердің барлығы ұлттық сенім кеңесі арқылы биліктің құлағына жетіп отыр. Кеңестің жұмысына халықаралық ұйымдар да жоғары баға берді. Сындарлы диалог жүріп жатыр. Ұлттық кеңеске әр түрлі адам мүше. Әрқайсының жүрегінде, ойында жүрген өзекті тақырыптар бар. Олардың ешқайсысы назардан тыс қалған жоқ. Мәселен, саяси реформа, жер қатынастары мәселелері, қоғамдағы жемқорлық мәселесі болсын барлығы өзінің деңгейінде талқыға түсті. Кеңесте түрлі саланың мамандары бар. Атап айтсақ, экономистер, заңгерлер, өнер адамдары, шығармашылық эитаның мүшелері жүр. Бәріміздің көкейімізде жүрген бұл білім, еңбек культін қалыптастыру мәселесі, - дейді Бекболат Тілеухан. 
Бұрын партия құру үшін ең кемі 40 мың адам мүше болу керек болса, президент оны 20 мыңға дейін азайту туралы ұсыныс жасаған болатын. Оның айтуынша, бұл партиялардың қалыптасуына әсер етеді. 
Қандай мәселе көтерілсе де билік тарапынан қолдау таппаған мәселе жоқ. Айта кету керек, көптің көкейіндегі бір мәселе – партиялардың қалыптасуы. Бұған дейін адам саны 40 мыңға толмай, партия қабылданбайтын. Оны 20 мыңға адамға азайтуы - үлкен бір жеңілдік. Қазір тек Қазақстанда ғана емес, әлемде біртүрлілеу кезең ғой өзі. Мүмкін интернеттің шығуымен байланысты болар. Әр адамның ойын айтуға, пікірін таңуға, шеберлікпен жеткізе алған жағдай қоғамды қозғап жіберуге күш алып отырған кезеңде сындарлы диалог ауадай қажет. Пкіралуандығы керек, алайда ол біздің тәуелсіздігімізге көлеңке түсірмеуі қажет. Саяси мәдениеттің бір жоғарғы дәрежесін көрсете отырып, қоғамдағы жақсы өзгерістердің болуына ұлттық кеңестің қосар үлесінің айрықша екендігін мемлекет басшысы айтып кетті, - дейді Ұлтық кеңес мүшесі.
Бекболат Тілеухан президент тәуекелге толы, өте маңызды мәлімдеме жасағаны туралы осыған дейін айтты.

Өзгелердің жаңалығы