Бекасыл, Ерасыл, Жанасыл. Шымкентте үшем дүниеге келді

16 Ақпан 2021, 23:34
1759
Бөлісу:
Бекасыл, Ерасыл, Жанасыл. Шымкентте үшем дүниеге келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қалалық перинаталдық орталықта үшем дүниеге келді. Биылғы алғашқы үшем анасымен бірге бүгін перзентханадан шықты.

28 жастағы Айткүл есімді қала тұрғыны біраздан бері ұл сүюді армандап жүрген еді. Арманы орындалып, өмірге бірден шекесі торсықтай үш ұлды әкелді.

Айта кетейік, туған сәтте үшемнің салмағы 1570 гр, 1610 гр, 1820 грамм болған екен. Қазіргі күні Бекасыл, Ерасыл, Жанасыл есімді балақайлар салмақ қосып, денсаулық жағдайлары жақсарған.

Мерзімінен ерте туылған үшем екі аптаға жуық қалалық перинаталдық орталықтағы мамандардың бақылауында болды. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы мен дәрігерлер жаңа туған нәрестелерге сыйлық табыстап, перзентханадан салтанатпен шығарып салды. 

Бұл үш сәби – биылғы жылдың алғашқы үшемі. Жыл басынан бері қалада 3753 сәби дүниеге келсе, олардың басым бөлігі ұлдар.

Өзгелердің жаңалығы