Бек Нұрмағанбет кәсіпқой бокстағы 9-шы жеңісіне қол жеткізді

16 Сәуір 2023, 21:06
1159
Бөлісу:
Бек Нұрмағанбет кәсіпқой бокстағы 9-шы жеңісіне қол жеткізді
Фото: ©instagram.com/suleimen_promotions_official

Әуесқойлар арасындағы Азия чемпионы Бек Нұрмағанбет (8-0, 6 КО) проф рингтегі 9-шы жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Помонада (Калифорния, АҚШ) өткен бокс кешінде ол екінші орта салмақтағы венесуэлалық Хеберт Рондонға (20-3, 13 КО) қарсы жекпе-жек өткізді. Сегіз раундқа созылған жекпе-жек бірінші раундта Нұрмағанбет техникалық нокаутпен ұтты.

Осылайша қазақстандық кәсіпқойлар арасындағы 9-шы жеңісіне қол жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы