Бек Нұрмағанбет кәсіпқой бокста қарсыласын нокаутқа түсірді

5 Маусым 2022, 15:53
1191
Бөлісу:
Бек Нұрмағанбет кәсіпқой бокста қарсыласын нокаутқа түсірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Бұл боксшының жетінші мәрте жеңісі, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет (6-0, 4 КО) кәсіпқой бокстағы жетінші жекпе-жегінде де жеңіске жетті. 

АҚШ-тың Миннеаполис қаласындағы бокс кешінде ол американдық Хайнелл Уилермен қолғап түйістірді. Алты раундқа жоспарланған жекпе-жек екінші раундта аяқталды. Бек қарсыласын нокаутпен сұлатып түсірді. Осылайша Бек Нұрмағанбет кәсіпқой бокстағы жетінші рет жеңіске жетті.

Жартылай орта салмақта IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Данияр Елеусінов (11-0, 6 КО) Миннеаполисте өткен бокс кешінде жеңіске жеткен боксшыларды құттықтады. 

Аталған бокс кешінде Әбілхан Аманқұл (1-0, 1 КО), Абылайхан Жүсіпов (2-0, 1 КО), Евгений Павлов (7-0, 5 КО) және Бек Нұрмағанбет (7-0, 5 КО) ) АҚШ-тағы дебюттік жекпе-жектерін өткізіп, нокаутпен жеңіске жеткен еді.
 

Өзгелердің жаңалығы