«Бек Эйр» компаниясына қатысты сот ісі жалғасуда

3 Қазан 2020, 19:50
1270
Бөлісу:
«Бек Эйр» компаниясына қатысты сот ісі жалғасуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің қызметкерлері бүгінгі күнге дейін «Бек Эйр» компаниясы ақшасын қайтармаған азаматтардың мүдделерін қорғау жұмыстарын жалғастыруда.

Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі уақытта Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотымен үшінші талап қаралуда, онда Комитет 482 адамның мүддесін қорғайды. (30 млн теңгеден астам сомаға 845 билет).

2020 жылғы 2 қазандағы сот отырысы барысында істі жан-жақты және объективті қарау үшін Комитет соттан жауапкерден жазбаша дәлелдемелерді талап етуге, прокурорды, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ-ның уәкілетті ұйымын, билет сату жөніндегі агенттерін, сондай-ақ Комитет мүдделерін білдіретін азаматтарды сотқа қатысуға тарту туралы өтініш білдірді. Алайда бұл өтініштерді сот қолдамады және қабылдамады, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Комитет заңнамалық шеңберде тұтынушылардың қаражатын қайтаруы бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауды жалғастырады.

Келесі сот отырысы 2020 жылғы 13 қазанда сағат 15:00-ге тағайындалды.

Өзгелердің жаңалығы