"Bek Air" ісі. 900-ден астам адам билет құнын әлі қайтара алмай жүр

16 Маусым 2020, 22:54
1684
Бөлісу:
"Bek Air" ісі. 900-ден астам адам билет құнын әлі қайтара алмай жүр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Алматыда "Bek Air" әуе компаниясына қатысты сот отырысы өтті.

24.kz арнасының мәліметіне қарағанда, 909 қазақстандық 52 миллион теңгеден аса ақшасын қайтаруды талап етуде. Ал әуе компаниясы ақшаны билетті сатқан делдал "Авиата" компаниясы қайтару керек дейді. Бұл мекеме билетті сатудан түскен қаржы бірден "Bek Air-ге" жіберілетінін айтады. Сондықтан жолаушыларға өтемақы төлейтін бізде қаражат жоқ дейді. 

"Bek Air" басшылығы апат болған күннен бастап ұшақтарымыз ұшпайды, сондықтан табысымыз жоқ деп қол қусырып отыр. Әуе компаниясы қазір жолаушылар тасымалдау сертификатынан айрылған. Бірақ бұл жолаушылардың қарызын қайтаруға болмайды деген сөз емес деді прокурор. 

 

"Bek Air" компаниясының билеттерін сатып алуға кеткен ақшаны өндіру туралы шағым талаптарын қанағаттандыруды сұраймын - дейді авиациялық прокуратураның бас прокуроры Айжан Тайбекова.

 

Біріншіден, "Bek Air" компаниясының қызметін тұтынушыларға ұшақ билеттерінің құнын қайтару құқын мойындау керек. Екіншіден, жауап берушіге тоқтатылған рейстердің билет құнын өтеуді міндеттеу қажет - дейді шағымданушы тараптан тұтынушылар құқын қорғау комитетінің өкілі Әлихан Шакенов.

Өзгелердің жаңалығы