Ет сататын базарлар тексеріліп жатыр. Бұл туралы үкімет отырысынан соң өткен брифингте Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ақмола облысы, Атбасар ауданынан 7 шақырым жердегі екі ауылдың малынан сібір жарасы анықталды. Жалпы саны 10 шақты мал басы тіркелді. Ішкі істер органдарымен жылдам жұмыс атқарып, барлығын анықтадық. Дезинфекция жасалып, кейін өртелді. Мал бағылған жер карантинге алынып, қоршау жасадық. Қазір бәрі бақылауда, - дейді Сапаров.
Министрдің сөзінше, қаладағы сауда базарларындағы еттерге сынама жүргізілген. Бүгінде бәрі теріс нәтиже көрсетті.
Сол себепті еттен қорқудың керегі жоқ, - дейді министр.
Сапаров тікеуде тұрмаған, вакцина уақытылы салынбаған төрт түліктердің көп екенін айтады. Сөзінше, ол мал иелеріне қатаң шаралар қаралып жатыр.
Қазір ауыл-аймақты аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Таңбасы жоқ мал иелері үшін бірде бір айыппұл салынбаған. Енді айыппұлды екі есе көтеруді көздеп отырмыз, - деді ол.