Базарда ер адам пышақпен шабуыл жасап, бір адам қаза тапты

Францияда ер адам пышақпен шабуыл жасап, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Anadolu Agency 23 Ақпан 2025 2025, 03:35
23 Ақпан 2025 2025, 03:35
913
Фото: Anadolu Agency

Францияда ер адам пышақпен шабуыл жасап, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Anadolu агенттігі таратқан мәліметке сәйкес, бесеуі жараланған.

Қылмыскер бұған дейін депортациялану туралы қаулы шығарылған 36 жастағы алжирлік азамат екені анықталды.

Францияның Мюлуз қаласындағы қайғылы жайт базар маңында болған.

Шабуылдаушы қылмыс орнында ұсталды.

Францияның терроризммен күрес бойынша ұлттық прокуратурасы "террорлық топпен байланысты адам өлтіру" бабы бойынша іс қозғап, тергеуді бастады.

Ел президенті Эммануэль Макрон оқиғаға "теракт" деп баға берді.

Наверх