Базадан азаматтардың жеке және медициналық мәліметтері ұрланғаны рас па?

15 Шілде 2020, 18:37
1627
Бөлісу:
Базадан азаматтардың жеке және медициналық мәліметтері ұрланғаны рас па?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Азаматтардың жеке және медициналық мәліметтері тарап кетуі мүмкін емес. Бұл туралы Әділет министрі Марат Бекетаев айтты.

Осыған дейін қазақстандық кибер шабуылдарды зерттеу және талдау орталығының мамандары қазақстандықтардың жеке және медициналық мәліметтері ұрланғаны туралы мәлімдеген болатын. Мұнымен министр келіспейді.
Біз БАҚ беттерінен бұл ақпаратты оқыдық. Бірден барлық дерекқорымызды тексердік. Жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқорына келсек, бұл дерекқорда ондай ештеңе болған жоқ. Ақпараттың таралуы орын алмады, - дейді Марат Бекетаев.
Әділет министрі 14-30.kz деп аталатын жүйе жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасымен біріктірілмеген деп отыр.  
Бұл базадан мәліметтердің сыртқа шығып кеткені туралы әңгімелер шындыққа сай келмейді. Аталған фактінің өзі егер олардың арасында интеграция болмаса, онда таралып кетудің болмайтындығын көрсетеді. Бұл жүйелер мемлекеттік органдардың серверлік орталығына орналастырылып, ақпараттық қауіпсіздік жедел орталығына қосылған. Жедел орталық ақпараттық жүйелерге тәулік бойы мониторинг жасайды. Жеткілікті деңгейде бұл базалар қорғалған,- деді министр.
Айта кетейік, 15 шілдеде  қазақстандық кибер шабуылдарды зерттеу және талдау орталығы мамандары "денсаулық сақтау саласындағы сапаны бақылау жүйесінің" осалдығы жеке және медициналық деректерге шабуыл жасалуына себеп болғанын айтқан. Олардың мәліметі бойынша 2020 жылдың өзінде жүйеде шамамен 24,5 мың аудиожазба мен жеке тұлғалардың біріктірілген мемлекеттік деректер қорынан ондаған гигабайт жеке деректер жинақталған.
Өзгелердің жаңалығы