Тараз маңында мина жарылып, 3 әскери зардап шекті

5 Қыркүйек 2021, 16:37
4330
Бөлісу:
Тараз маңында мина жарылып, 3 әскери зардап шекті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы соңғы жарылыстан тағы үш әскери жарақат алды. 

Бұл Orda.kz хабарлады.

Өрт шыққан инженерлік оқ-дәрі қоймасының аумағында, 29 тамыз күні сағат 12.20 шамасында жарылысқа ұқсас дыбыс тіркелген.

Жарылысқа ұқсас дыбыстың неден болғандығы туралы ҚР Қорғаныс министрлігі Бас инспекциясының басқарма бастығы, полковник Жұмабек Хасенов түсіндіріп берді.

Үш адам жарақат алғаны рас, күзетші мен мерзімін өтеуші әскер жеңіл жарақат алды. Жалпы танкке қарсы минаның генераторы болады. Оларды аяқпен басып кетпесе де, 1-2 метр маңында болса, жарылысқа ұқсас дыбыс шығарып, инелерін жан-жаққа ұшырады. Үш әскери дер кезінде госпитальге жеткізіліп, ем домдарын алып, қайта қызметке келді, – дейді Жұмабек Хасенов.
Оның мәлімдеуінше, үш әскери жеңіл жарақат алған. Соңғы оқиғадан қайтыс болғандар мен қатты зардап шеккендер жоқ.

Айта кетейік, биылғы 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданы Қайнар елдімекені маңындағы әскери бөлімнің қару-жарақ сақтайтын қоймасынан өрт шықты.

Өртті ауыздықтауға әскерилер мен төтенше жағдайлар басқармасының офицерлері мен сержанттар құрамы бірлесе тілсіз жауға қарсы тұрып, тосыннан болған қатты жарылыстардан 15 адам қайтыс болып, 1 адам із түзсіз жоғалып кеткендігі туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы